«ҚЫЗҒАЛДАҚ КӨКТЕМ– 2025» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Гала-концертте іріктеуден өткен үздік өнер ұжымдары сахна төрінде өнер көрсетті. Фестивальге қаладағы мекемелер мен ұйымдардан 6 шығармашылық ұжым қатысқан. Олар хор, би, вокал және сахналық қойылымдар бойынша бақ сынап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


 

Манара ЖЕТІМЕКОВА Қаражал қаласы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы

 

Бұл фестиваль шынымен де көрерменнің көзайымына айналған, көрерменнің ыстық ықыласына  бөленген фестиваль. Фестивальдің әр кезеңі сайын біздің залымыз лық толы болады.  Көрермен ерекше ықыласпен көредібұл фестивальді.   Фестивальдің басты мақсаты-  Қазақстанды мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің мәдени салт-дәстүрлерін сақтап, насихаттау. Қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту

 

Гала-концертте үздік өнер көрсеткен ұжымдар марапатталып, бас жүлде, І, ІІ және ІІІ орындар бойынша жеңімпаздар анықталды. Сондай-ақ, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйлықтар тапсысрылды. Бас жүлдеге 250мың теңге, бірінші орынға – 200 мың теңге, екінші орын – 150 мың, ал үшінші орын алған мекеме – 100 мың теңге көлемінде сыйақыға ие болды.


 

Бақберген СӘТБЕРГЕНОВ «Өркен» ЖШС-нің «Өркен-Атасу» өкілдігінің басшысы

 

«Қызғалдақ көктем -2025» байқауында жеңіске жеткенімізге өте қуаныштымын. Бұл жетістікке біз бір жыл бойы үздіксіз дайындықпен, талмай еңбектену арқылы қол жеткіздік. Біз жеңіске ұмтылдық- және біз мұны жасадық! Өзімнің командама шексіз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, жеңіске деген сенімі мен қажырлы еңбегі үшін «Өркен-Атасу» қызметкерлеріне ерекше рақмет айтқым келеді. Мұндай байқауды ұйымдастырғаны үшін Қаражал қаласының әкімдігіне көрсетілген қолдаулар мен сыйақылар үшін ризашылығымызды білдіреміз.

 

Аружан МАРАТОВА Қаражал қаласы жастар ресурстық орталығының  директоры 

 

«Қызғалдақ-көктемге» Қаражал қаласының әкімдігі мен мәслихат атынан қатысып отырмыз. Күн демей, түн демей жұмыс бабымен болса да қатысып, бірінші орынға ие болып отырмыз. Өте қатты қуанып отырмыз. Осы «Қызғалдақ көктем» байқауы бізге біздің өнерімізді ұлғайтты деп айта аламын.

 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, келер жылы қатысушылар саны көбейіп, ауқымы кеңейе түспек. Сонымен қатар, іс-шара барысында LED-экран арқылы алаяқтық, нашақорлық, терроризмге қарсы үгіт-насихат бейнероликтері көрсетілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі дейді  қала әкімі.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу