МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ulytautv 23-май, 10:24 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Мектпе лигасын өткізу өңірімізде дәстүрге айналған. Бүгін жыл бойы өткен жарыстардың нәтижесі шығарылды. Қалалық білім бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп қойған спорттық шараның мектеп оқушыларына берер пайдасы мол. Мектеп лигасы аясында 5-6 және 7-8 сыныптар арасындағы байқау тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы, жеңіл атлетика, асық ату, бес асық, қысқы президенттік көпсайыс, волейбол, баскетбол түрлерінен өткен.
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Зухрап ДАУМБАЕВ Жезқазған қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Сонымен бүгін жыл бойы әр –түрлі спорт түрлерінен өткен жарыстарда топ жарғандарды марапаттау рәсімі де келіп жетті. Білім бөлімінің басшысы бастап,ішкі саясат бөлімінің басшысы қоштап әр спорт түрі бойынша жеңімпаздарды марапаттады.
Айсұлтан АМАНБЕК №8 гимназия мектебінің оқушысы
2024-2025 оқу жылында мектеп лигасы аясында жалпы командалық көрсеткіштер нәтижесінде 3 орынды №1ЖББМ командасы жеңіп алып, 100мың теңгелік ақшалай сертификатпен марапатталды. 2 орын мен 200мың теңгені №7 Қ.И.Сәтбаев мектеп- лицейі жеңіп алды. 1орынды №8 гимназия мектебі алып, 300мың теңге ақшалай сертификатқа ие болды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ