РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Ulytautv 20-май, 14:24 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Қадер Маткеновтің есімі Жезқазған-Ұлытау өңірі жұртшылығы үшін жақсы таныс. Жарты ғасыр бойы аймақтың экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып, еліміздің қара металлургия саласының қалыптасуы мен өркендеуіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған тұлға. Оның құрметіне арналған айтулы жарысқа Қазақстанның әр өңірінен кіл мықты балуандар келіп, бозкілемде өзара мықтыны анықтады.Сондай-ақ, шараға Қадер Маткеновтың немерелері де қатысты.
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
2010–2012 және 2013–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен бұл турнир 11 салмақ дәрежесі бойынша өткізілді. Елдің 10 өңірінен келген 250-ге жуық балуан бозкілемге шығып, өз шеберліктерін ортаға салды.
Бекежан РАХЫМБЕКОВ бас төреші
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл спорттық шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың спортқа қызығушылығын арттыру. Бозкілем үстіндегі барлық белдесулер жоғары деңгейде әрі тартысты өтті.
Екі күнге созылған тартысты жарыс нәтижесінде грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің мықтылары анықталды.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер еліміздің 10 өңірінен де шықты.
Санжар БАҚЫТ 57 келі салмақ дәрежесі бойынша турнир жеңімпазы (Жезқазған қ.)
Павел СЕРИКОВ + 65 келі салмақ дәрежесі бойынша турнир жеңімпазы (Петропавл қ.)
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз спортшыларға спорт шебері атағы берілді. Сондай-ақ олар Әлем және Азия чемпионаттарына қатысуға жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, медальдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, арнайы аталымдар бойынша үздік деп танылған қатысушылар естелік кубоктар мен дипломдарға ие болды. Жаттықтырушылар да назардан тыс қалмады – төрт үздік бапкерге алғыс хаттар мен арнайы медальдар салтанатты түрде тапсырылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ