ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН АЙМАҚТЫҚ ТУРНИР
Ulytautv 13-май, 17:28 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Үстел теннисі – жылдамдық пен ептілікті,ойлау қабілеті мен төзімділікті қатар талап ететін ерекше спорт түрі. Бүгінде бұл олимпиадалық спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр.Аталмыш турнирге Жезқазған,Сәтбаев,Қаражал қалаларынан және Жаңаарқа мен Ұлытау аудандарынан 100-ден астам теннисші қатысты.
Зухрап ДАУМБАЕВ Жезқазған қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Турнирдың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және жастарды спортқа баулу.Ұйымдастырушылар жарыстың жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқанын айтады.Биыл үшінші рет өткізіліп отырған бұл дода келесі жылы республикалық деңгейге шығады деген үміт бар.
Ғалия ӘБДІҒАППАРОВА үстел теннисінен аға жаттықтырушы
10 жасар Аяла Дүйсенәлі 3 жылдан аса тенниспен шұғылданып келеді. Бүгінгі жарыста да табандылығымен және сенімді ойынымен жанкүйерлерді тәнті етті.
Аяла ДҮЙСЕНӘЛІ жарысқа қатысушы
Сондай-ақ турнирде өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеген жас спортшы – Жақып Шерхан. Бұған дейін де бірнеше жарыста топ жарған ол, бұл жолы да жеңіс жолынан таймай, өзінің ракетка шебері екенін көрсетті.
Шерхан ЖАҚЫП жарысқа қатысушы
Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер ақшалай сыйлықтармен және медальлдармен марапатталды.Ұйымдастырушылар осындай турнирлер арқылы болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, өңірде үстел теннисінің дамуына серпін беруді көздейді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ