Бірлік күніне арналған марафонға 200 адам қатысты

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жарыс таңғы сағат 10.00 де басталды. Қатысушылар жарыс алдында бой жазып, көтеріңкі көңіл күймен Алаш алаңына жиналды. Сөйтіп, марафонға ресми түрде старт берілді. «Бірлік жүгірісіне» түрлі ұлт өкілдері, кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар белсене қатысты. Шараның басты мақсаты- халық достығын, татулық пен денсаулықты насихаттау.


 

МАРАТ Айдашев Ұлытау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасыныңбасшысы

 

Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні аясында еліміздің барлық өңірінде осындай марафон өтіп жатыр. Біздің облыстан 200-ге жуық адам қатысуда. Жарыс 4 жас санаты бойынша ұйымдастырылды: 6–8 сынып оқушылары, 9–11 сынып оқушылары, 18 бен 60 жас аралығы және 60 жастан жоғары қатысушылар. Бұл шараның мақсаты – ел бірлігін нығайту және достықты дәріптеу. Сатпаев пен Жезқазғаннан да көп адам келді. Жеңіл атлеттер, футболшылар, жүзгіштер сияқты түрлі спорт клубтары да белсенді қатысты.

 

Жарыс барысында жүгіру қашықтықтары әртүрлі болды. Ең кішкентай қатысушылар ата-аналарының қолдауымен жүгірсе, жас спортшылар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар 1 шақырымдық қашықтықта өз шеберліктерін көрсетті. Ал тәжірибелі спортшылар үшін 10 шақырымдық бағытта бақ сынады. Жүгіру жолына алғашқы болып 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер шықты. Ұзақтығы 1 жарым шақырымды құраған жарыста мәре сызығын алғашқы болып 13 жасар Юлия Шиукашвили кесті.


 

Юлия ШИУКАШВИЛИ марафонға қатысушы

 

Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Мен Юлия, 13 жастамын. Сәтбаев қаласында жеңіл атлетикамен айналысамын. 5 жылдан бері тұрақты түрде жаттығып жүрмін. Осы уақыт ішінде Қазақстан чемпионатында 300 метр кедергіден екінші орын алғаным бар. Бүгінгі өткен жарыс аса қиын болған жоқ, 1 миль қашықтықты жүгірдім. Барлығыңызға бақыт пен сәттілік тілеймін!

 

Асим БЕКЖІГІТОВ марафонға қатысушы

 

Өзім 2010 жылғы түлегімін Ұлытау клубының,Осы жүгіру марафонына мені шақырды.Мен бұған көп дайындалдым.Және да одан да басқа көп жарыстарға осы марафондарға қатысқам. Мектеп арасында да осындай марафон болған.Мен де қатысқам 1 ші орын алып,чемпионат Республики Казахстанға барғанбыз.Бүгін мен ұлдар бойынша 2 орын,ал общий 3ші орын алдым.Қазақстан бірлігі мерекесімен барлығын құттықтаймын.


Жарысқа қатысушылар қатарынан Жәнібек Нөпіровті де байқадық. Облыс әкімінің орынбасары бұл марафоннан қалыс қалмай,тұрғындармен бірге 1 жарым шақырым қашықтықты еңсерді.


 

Жәнібек НӨПІРОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

 

Бүгін бірлік күні жақсы шара өтіп жатыр қаламызда. Мен осы қаланың тұрғыны ретінде жарысқа қатыстым. Өте қуанышты әрине жастар көп бүгін жүгіріп жүрген.Мынау бірлік бар жерде,тірлік бар.Еліміз осылай ауызбіршілік болып,әрқашанда бірге жүрсе әрбір ортамызда жамандық болмайды,тек қана жақсылық болады деп білемін.Енді бір жағынан айтуға болад салауатты өмірді қолдап,мынау тұрғындарды бүкіл қаланың азаматтарын,азаматшаларын осындай белсенді шараға қатысуға,таза қазастан,адал азамат ретінде осындай шараға шақырам барлығыңызды.  


 

Бұл марафон – Бірлік күніне арналған шаралардың бір бөлігі ғана. Облыс аумағында концерттер, спорттық жарыстар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.Шара соңында жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен,ал жарысқа қатысушылар естелік медальдармен марапатталды.

 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще