Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қазақстан халқының бірлігі күні – түрлі ұлт пен ұлыстың өзара сыйластығы мен достығын дәріптейтін ерекше мереке. Мамырдың шуақты таңы Жезқазғанда да халықтың бірлігін паш еткен жарқын шаралармен басталды.Мереке қарсаңында этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне облыс әкімінің арнайы қаржылай гранттары мен мерейтойлық медальдар табысталды.


 

Іс-шара барысында этномәдени бірлестіктер дайындаған көрме де көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Қолөнершілер жасаған бұйымдар мен ұлттық тағамдар халық назарына ұсынылды.Әр ұлттың киімдері,зергерлік бұйымдары және дәстүрлі тағамдары көрме қонақтарының ықыласына бөленді.


 

Алламұрат ЖОРАЕВ Түрікмен ұлттық-мәдени бірлестігінің төрағасы

 

Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен және Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, амандық, табыс және бейбіт, ашық аспан тілеймін. Бүгін осы мереке құрметіне біз түркмен ұлттық мәдени орталығы көрме ұйымдастырып жатырмыз. Мұнда біздің ұлттық әшекейлеріміз, атрибуттарымыз қойылған. Сонымен қатар ұлттық тағамдарымыз да дайындалды. Пеште пісірілген ет, бәліштер, бауырсақ, қуырдақ, қуырылған балық – осылардың барлығын бүгін басқа этномәдени орталықтармен бірге ұсынып отырмыз.

 

Алтынай Байбатырова қолөнер шебері

 

Халықаралық бірліктер күнімен құттықтайм барлықтарыңызды.Әрқашанда осындай аспанымыз ашық болып,ешқандай жаушылық болмасын,бейбітшілік болсын. Сол біз бүгін 1ші май мерекесіне қарсы өзіміздің қолдан жасаған өнерлерімізді көрсетуге шықтық.

 

Айтулы мерекеде әр ұлттың өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Ән мен биден шашу шашып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сахнада халық әндері шырқалып, ұлттық билер орындалды.


 

Шүкір МОЛДАҒАЛИЕВА Ақ әжелер ансамблінің жетекшісі

 

Бүгін 1 ші май.Халықтар достығы күні.Бүгін мереке,береке күні.Ынтымақ күні.Біз Ақ әжелер ансамбльі Жезқазған қаласының осы мерекеге келдік ән айтайық деп. Жастарға үлгі-өнеге көрсетейік деп әнімізді,сәнімізді көрсетейік деп келдік.Біз әжелер біздің жүрген жеріміз тәрбие,ұлағат. Біздің сөйлеген сөзіміз,басқан қадамымыз,үстіміздегі киіміміз бәрі үлгі болуы керек.Сондықтан енді осы отырған бәріңізді Ұлытау облысының халқын осы мерекемен құттықтап,береке бірлігіміз, татулығымыз,достығымыз жалғаса берсін. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.   

 

Ақсезім АҚЫЛБЕКОВА «Шалқыма» өнер академиясының бишісі

 

Бүгін қаламызда үлкен іс-шара концерт болып жатыр.Біз шалқыма академиясының бишілері тәуелсіздік рухы атты биімізді дайындап алып келдік. Осыны пайдаланып мен барлық қала тұрғындарын шын жүректен халық достықтар күнімен шын жүректен құттықтаймын.

 

Мерекелік шара ел ішіндегі достық пен бірліктің жарқын үлгісіне айналды. Бүгінде өңірде 50-ден астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Іс-шара ұлттық ойындармен жалғасты.

 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще