ҚАРАЖАЛДА БАССЕЙН АШЫЛДЫ
Ulytautv 03-июн, 12:54 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ
Жасөспірімдердің денсаулығы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында салынған нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Айқын Елеусізов пен бірқатар құрметті азаматтар қатысты. Жоба “СЕМСТРОЙПРОЕКТ” жобалау-іздестіру институты ЖШС-нің жобалық-сметалық құжаттамасы негізінде әзірленген. Құрылыс жұмыстарын “Балқаш жібек жолы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырса, техникалық қадағалауды “KZ Стройэксперт” ЖШС жүргізген. Қалада бой көтерген жаңа нысанда су спортының барлық түрімен шұғылдануға жағдай жасалған.
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі
Жаңа жабық жүзу бассейнінің жалпы аумағы – 1524 шаршы метр. Бассейннің негізгі шомылу алаңы – 25х9 метр көлемінде. Ересектерге арналған бөліктің тереңдігі 1 метр 40 сантиметрден 2 метрге дейін, ал балалардікі 60-80 сантиметр аралығында. Мұнда заманауи талаптарға сай жабдықталған екі киім ауыстыру бөлмесі бар. Сондай-ақ нысан ішінде әдістемелік кабинет, медициналық бөлме, зертхана, қызметкерлерге арналған бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі және санитарлық тораптар қарастырылған.
Мешітбай ОМАРОВ Қаражал қаласының құрметті азаматы
.
Сондай-ақ, бассейн аумағында балаларға арналған ойын алаңы мен сәндік фонтан да бар. Қазіргі уақытта мұнда 5 инструктор жұмыс істейді. Жалпы штат саны – 23 бірлік, оның ішінде техникалық және әкімшілік қызметкерлер де бар. Жаңа нысан жергілікті тұрғындарға қолжетімді әрі жайлы жағдай жасап, дене тәрбиесі мен бұқаралық спорттың дамуына тың серпін беретіні сөзсіз.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ