"Горняк" стадионы пайдалануға берілді
Ulytautv 08-май, 13:11 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
450 көрерменге арналған стадион заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жаңа жасанды көгал төселіп, қосымша спорттық құрал-жабдықтармен толыққан. Енді мұнда спорттың бес түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Айта кетейік, жаңғырту жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталғанымен, құжат рәсімдеу кезінде туындаған кідірістерге байланысты ресми ашылу сәл кейінге шегерілген еді.
Диана ОСПАНБЕКОВА Қаражал қаласы әкімінің орынбасары
Жаңа кейіпке енген стадионның ашылуы қала тұрғындары мен спорт сүйер қауым үшін үлкен қуаныш болды. Енді қаланың спорттық өміріне серпін беріліп, болашақ чемпиондар дәл осы алаңда дайындалады.
Жансая САЖИНОВ Қаражал құрама командасының бас бапкері
Ернұр ДҮЙСЕНБАЙ жас футболшы
Стадион маңына 2 қабатты ғимарат салынған. Балаларға арналған бөлме мен әкімшілік бөлмелер бар. Жүгіру, футбол мен теннис алаңдары қарастырылған. Ашылу рәсімінен кейін футболдан турнир өтіп, аяқдопшылар барын салды. Жарыс нәтижесінде 3-орынды – «БЕЛЕС» , 2-орынды – «Қаражал» командасы, ал 1-орынды – «Кармет Өркен-Атасу» командасы иеленді. Айта кету керек, Қаражалдағы аумағы 1 мың шаршы метрден асатын жабық бассейн де келер аптада ашылады деп күтіулде.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ