ҰЛЫТАУДА АУДАНЫНДА ЖАБЫҚ БАССЕЙННІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Құрылыс жұмыстары сәуірдің 15інде басталған.Қазіргі таңда іргетасы дайын,алдағы күндері бетон құю жұмыстары қолға алынбақ.Нысанның жалпы аумағы 1100 шаршы метрды құрайды.Құрылыс жұмыстарына Республикалық бюджеттен 1млрд 156,5 млн теңге бөлінген.


Аян АБЖАМАЛОВ Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары


Бұл жабық бассейн Ұлытау ауданына өте қажет.Бұл алғашқы құрылыстардың бірі.Бұл салауатты өмір салтын қалыптастыру.Мынау жастардың алдағы уақытта уақыттарын тиімді пайдалану.Осы кезде жаңағы жүзу бассейнде жас жеткіншектерді жүзуге үйрету,алдағы уақытта осы жүзу спортын дамыту мақсатында салынып жатыр.

 Бассейнде жүзуге арналған барлық жағдай қарастырлған.  14 жасқа дейінгі балаларға және ересектерге арналған екі бөлек бассейн, заманауи құрал-жабдықтар, жоғары сапалы суды тазарту жүйесі және жаттығу залы болады. Құрылыс жұмыстарымен «CK NEW City»ЖШС айналысып жатыр. Нысанның  ашылуын асыға күтіп жүрген тұрғындар көп, ал мердігер компания нысанды межелі мерзімде тапсыруға ниетті.

 

Жаухар ЕСЖАНОВ учаске бастығы


Бүгінгі күні ол жерде 12 адам жұмыс жасап жатыр. Ертең бетон жұмыстары басталған кезде адамдардың саны көбейеді.Биылғы жылдың өзіне дейін біздің планировать етіп отқанымыз бітіруіміз керек Алла қаласа. Материалдың бәрі өзіміздің Қазақстанский производства,начиная инертный материал,құмы бар,цементі бар,шебіні бар. Барлығы осы местный материал материалдан.

 

Бұл кешен тек спортпен шұғылдануға емес,тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне де үлкен мүмкіндік береді.Айта кету керек,жабық бассейн 2026 жылдың 2 ші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде.


АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще