«ҰЛЫТАУ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қызықты әрі интллетктуалды ойынға 9 сынып оқушылары қатысты.


Әр мектептен үш тілді, атап айтсақ, қазақ,орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген, бір оқушыдан іріктеліп алынды. Интеллектуалды ойынның басты мақсаты – қазақ халқының көп ғасырлық тарихын дәріптеу арқылы ұлттық сананы қалыптастыру және тарихи мұраны құрметтеу.


 

Марина ХАН, «The Ulytau Educational Foundation»  ҚҚ директоры


  

     «Ұлытау» ойыны дәл осы жерде, Жезқазған қаласында, біз көрген материалдар негізінде жасалды. Ойынның идеясы Қазақмыс корпорациясының мұражайында пайда болды. Қазақмыстың қолдауымен біз Ұлытау туралы деректі фильмдер сериясын әзірледік, ал Астанадағы Канадалық халықаралық мектептің талантты тарихшы мұғалімдері «Ұлытау» үстел ойынын жасап шығарды.


Ойын алты негізгі бағытты қамтыды: көне дәуірдегі Қазақстан тарихы, орта ғасырлар кезеңі, XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстан, XX ғасырдағы ел тарихы, тәуелсіздік кезеңі, сондай-ақ мәдениет пен өнер тарихы. Ойын авторы тарих пәнінің мұғалімі Раушан Әкімбекованың айтуынша, бұл жоба жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың Қазақстан тарихы жөніндегі білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.


 

Раушан ӘКІМБЕКОВА  «Ұлытау»интеллектуалды ойынының авторы


- 

         Жалпы Ұлытау ойынының дүниеге келуі бұл Қазақ тарихымен тығыз байланысты. Не себепті Ұлытау? Ежелгі кезеңнен бастап тарихымыз Ұлытау жерінен басталады. Сондықтан да Ұлытау деп аталып отыр. Ойынның негізгі мақсаты-құрылтай мүшелерін толық жинау.Ал құрылтай дегеніміз қазақтарда ең негізгі шешім қабылданатын,ең жоғарғы орган деп санасақ та болады.Ұлытау ойынының 3 тілде болуының себебі балалар тек қана қазақ тілінде ғана емес,сонымен қатар орыс тілдерінде,ағылшын тілдерінде қазақ тарихын толық меңгере алуы.Ойында ежелгі кезеңнен бастап,қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы толығымен қамтылған.Ойынның сұрақтары қазіргі кезде 12 сұрақтан тұрады.Бірақ алдағы уақытта ойынның сұрақтарының саны көбейе беретін болады.


Турнир барысында оқушыларға тарихи қысқаметражды фильмдер ұсынылып, олардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттырды. Зияткерлік сайыс кезінде қатысушылар өз білімдерін сынап, тарихи оқиғалар мен тұлғалар туралы терең білімі мен ойлау қабілетін көрсете білді.



Сабина АМАНБАЕВА Ақтүбек жалпы білім беретін мектебінің оқушысы


-          

Мен осы жарысқа қатысқаныма өте қатты қуаныштымын.Себебі бұл жарыс маған көптеген тарихи оқиғаларды білуге көп көмегін тигізген болатын.Маған қатты ұнағаны тарихты қозғайды.Өз тарихын білмеген адам ол адам емес деп біздің ғұлама адамдарымыз айтқан болатын.Бұл жарыста ең қызықты болғаны бұл бәсекелестік.Ойын әрі қарай қалай жалғасады?Сол жағы маған өте қызықты болды.Бұл жарыстың ең бір көп пайдасы бұл менің болашақ мамандығыма да.Сондықтан да осындай жарыстардың көп болғанын қалаймын.

Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар турнир аясында тарих пәні мұғалімдеріне арналған білім беру семинары өтті.Айта кетейік, 2024 жылдың желтоқсан айында «The Ulytau Educational Foundation» қоры қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, бірнеше мектепке «Ұлытау» ойынын сыйға тартқан болатын. Бүгінде бұл ойын Ұлытау облысындағы 12 мектепке жеткізілді.Ұйымдастырушылар алдағы уақытта турнирді республикалық деңгейде өткізуді жоспарлап отыр.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ


«ULYTAU»ТЕЛЕАРНАСЫ



 

Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще