ЖЕТПІСТЕН АСТАМ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ #ЗаңМенТәртіп
Ulytautv 08-апр, 15:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе болып тұр. Ұлытау облысы прокуратурасының үйлестіруімен ішкі істер органдары «Түңгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. 20-дан астам компьютерлік клубтар мен 5 ойын-сауық орны тексерілді. Полиция бөлімшелеріне 68 адам жеткізілді. Рейд нәтижесінде 70-тен астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша ата-аналар мен мекеме иелеріне қатысты хаттамалар толтырылды.
Ертуған БЕГАЛИЕВ Ұлытау облысы прокурорының кәмелетке толмағандар бойынша аға көмекшісі
- Балалардың қауіпсіздігі үшін жекелеген кәмелетке толмағандар облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды.Бір бала сәбидің үйіне орналастырылды.
93 аз қамтылған отбасы аралап,69 кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері тексеріліп, 5 бала есепке алынды.Мұндай алдын алу шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ҚҰРМЕТ ҚОЖАХМЕТОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ