Бокстан өткен Республикалық турнир
Ulytautv 30-апр, 14:28 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жарысқа республикамыздың бірнеше облысынан 2009-2010 жылдары дүниеге келген жасөспірім боксшылар жиналды. Былғары қолғап шеберлері түрлі салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтына анықтайды. Қысқа ғана ғұмырында 97 жекпе жек өткізіп, оның 85 ін жеңіспен аяқтаған шаршы алаң шебері Алмаз Асановтың спорттағы жетістіктері – өскелең ұрпаққа үлгі болатыны сөзсіз.
Саят БАЛМАҒАНБЕТОВ Ұлытау облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысы
Ол енді негізгі мақсатымыз өсіп келе жатқан жастарға,жас жеткіншектерге,жас боксшыларға тәрбиелік мәні бар іс-шара өткізу болатын. Және осы Алмаз Ыбырахымұлының жеткен жетістіктері келешекте өсіп келе жатқан жастарға үлгі болсын деген мақсатта осындай үлкен дүбірлі жарыс өтіп жатыр.
Алмаз Асанов-жеңіске тек талантпен емес,еңбекпен жеткен спортшы.Оның алғаш қолғап киген сәтінен бастап,жарыс алаңдарында шыңдалған сәттеріне дейінгі жолын бірге өткерген бапкері - Шота Беркеев.
Шота БЕРКЕЕВ А.Асановтың алғашқы бапкері
Жас спортшылар бұл жарысқа бірден келген жоқ.Әрқайсысы өз өңірлерінде іріктеуден өтіп,мықты екенін дәлелдеп келді.Солардың бірі Қарағандылық Диас Жүніс. Бұл жарыста жақсы нәтиже көрсетіп,чемпион болсам дейді.
Диас ЖҮНІС турнирге қатысушы
Алмас Асановты еске алуға арналған бұл турнирді өткізу біздің өңірде дәстүрге айналған. Жүлде алған жас былғары қолғап шеберлері спорт шеберіне үміткер атанып, келешекте ірі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ