БІРЛІК ЖОЛЫ БАБАЛАР ІЗІМЕН ТЕМІРТАУДАН ҰЛЫТАУҒА
Ulytautv 20-май, 14:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Qarmet» пен «Kazakhmys Smelting» компанияларының қызметкерлері Теміртаудан Ұлытауға дейін тарихи-танымдық сапар шекті. Сапар барысында делегация Қаражал қаласындағы кен орындарын аралап, өндіріс барысымен танысты. Жезқазғандағы бағдарлама мыс қорыту зауытынан басталды. Қара және түсті металлургия саласының мамандары бір-бірімен тәжірибе алмасып, өндірістік үдерістер жайлы пікір алмасты.
Саят ӘТЕН Жезқазған мыс қорыту зауытының директоры
Сапар Қазақтың маңдайына біткен геолог-ғалым, қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың ескерткіші тұрған алаңда жалағасты. Онда салтанатты жиын өтіп, іс- шара қатысушылары Сәтбаевтың еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Нұргелді ОМАРХАНОВ «Amanat» партиясының «Qarmet» жанындағы филиалының төрағасы
Сапар барысында Ұлытау облыстық тарихи-археологиялық музейі мен «Қазақмыс» корпорациясы жанындағы музейге де арнайы саяхат жасалды. Мұнда қатысушылар тарихпен етене танысып,бабалар жолын зерделеді.Облыстық тарихи-археологиялық музейінде түрлі көне заттар мен тарихи деректер көрсетілсе, Ал «Kazakhmys» музейінде компанияның қалай құрылғаны және өндірістегі жетістіктері кеңінен таныстырылды.
Мұстафа ҒАБДОЛЛАҰЛЫ «Qarmet» АҚ металлургия комбинатының домна цехының қызметкері
Сапар Ұлытау бағытымен жалғасын тапты. Қатысушылар өңірдің киелі орындарын аралап, тарихи-мәдени мұралармен танысты. Олар Жошы хан мен Алаша хан кесенелеріне барып, бабалар рухына тағзым етті.
Ғалым ОСПАНОВ «Жошыхан» тарихи-мәдени кешенінің басшысы
Жошы хан кесенесіне тағзым еткен соң, делегация сапарын Алаша хан кесенесінде жалғастырды. Қазақ хандығының негізін қалаған тұлғаларға құрмет көрсету – экспедицияның негізгі мақсатының бірі болды. Ал теміртаулық суретші Болат Асқаров бұл сапардан шығармашылық шабыт алғанын айтады.
Қуат АСҚАРОВ ҚР суретшілер одағының мүшесі
Төлеуғазы ДҮЙСЕНБЕКОВ«Qarmet» АҚ металлургия комбинатының ағаш ұстасы
«Бірлік жолы» тарихи-танымдық сапары – бұл тек өндірістік тәжірибе алмасуға арналған жоба емес. Сапар барысында қатысушылар тарихи мұраны танып, еңбек адамын ұлықтау мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ерекше назар аударды.Теміртау мен Жезқазған арасындағы бұл рухани байланыс – болашаққа бағытталған маңызды қадам.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ