Геолог күніне орай сала мамандары марапатталды
Ulytautv 04-апр, 13:31 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қазақстанда геологтар күні осыдан 10 жыл бұрын бекітіліп, содан бері бұл күн сала мамандары үшін маңызды күнге айналды.Геология дамуы мен қалыптасуы туралы айтқанда, көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еңбегін ерекше атап өткен жөн: геология ғылымдары институтын құрды және Жезқазғанды дамытуға үлкен үлес қосты. Оның арқасында еліміздің жер асты байлықтары табылып, әлі күнге дейін ел экономикасына қызмет етіп келуде.Қазір Ғазиз Омаров атындағы шахтапроходкалау тресінің геология бөлімінде жұмыс істейтін мамандар ұлы ғалымның ісін жалғап,саланың дамуына белсенді үлес қосуда. Мереке қарсаңында бұл ұжым «КәсіпҚорған» кәсіподағының Құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.
Болат СМАҒҰЛОВ, Ғазиз Омаров атындағы шахтопроходкалау тресінің «КәсіпҚорған» кәсіподағы төрағасының м.а
Геолог күні - бұл тек геология саласының мамандары үшін емес, жер қойнауын зерттеумен айналысатын барлық жандар үшін маңызды кәсіби мереке.Олардың күн сайын атқаратын жауапты жұмысы, мамандыққа деген адалдығы мен табандылығы – еліміздің болашағы үшін маңызды. Бүгінде Қазақстанның жер асты байлығын зерттеп, оның игерілуіне үлес қосып жүрген мамандардың еңбегі – ел экономикасының тұрақты дамуына негіз болып отыр.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ҚҰРМЕТ ҚОЖАХМЕТОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ