Тыл ардагерлері марапатталды
Ulytautv 06-май, 17:06 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Тыл ардагерлері — Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан жандар. Олар бұл күні мерейтойлық медальдармен марапатталып, ерліктері жастарға үлгі ретінде дәріптелді.
Салтанатты жиында 50-ге жуық тыл ардагеріне мерейтойлық медаль тапсырылды.Іс -шара концерттік бағдарлама ен жалғасты. халық әндері мен патриоттық әндер шырқалды.Ардагерлер көрсетілген сый-құрмет пен ықыласқа ризашылықтарын білдірді
Петр БЕРДЮГИН, тыл ардагері
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстаннан майданға бір жарым миллионға жуық азамат аттанды. Мыңдаған әйелдер мен жастар тылда күндіз-түні еңбек етіп, Жеңіс жолында аянбай тер төкті.«Барлығы майдан үшін! Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұран сол кезеңдегі халықтың рухын, бірлігін және табандылығын айқын көрсетті.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ