20 САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 1 наурыз бен 30 маусым аралығында өтеді. Оған 800 -ге жуық сарбазды жөнелту жоспарланған. Салтанатты шарада, облыс басшылығы, әскери қызметкерлер мен ауған соғысы ардагерлері сөз сөйлеп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ шара аясында бірқатар жас сарбаздар мен олардың ата-аналары марапатталып,естелік сыйлықтар да табысталды.


 

Ербол ӨТКЕЛБАЕВ Ұлытау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары

Бүгінгі іс-шараны біз Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арнайы арнап,облысымыздың әр қала ауданынан әскери қызметке жарамды деп іріктелген азаматтарды салтанатты түрде әскер қатарына жөнелткелі отырмыз. Осы іс-шара жастарымызға әскери патриоттық тәрбиеге үлкен серпін береді деп есептеймін.

 

Бекен БҰХАРБАЕВ Ауған соғысының ардагері 

Әскерде болғанның ең жақсы жері біріншіден үлкенмен сыйласу,туған туыс ағайынмен сөйлесу, тіл табысуды үйренесің.Тазалықты үйренеді. Сондықтан қазіргі жастарға айтатыным әскерден қалмай барып,өзінің отандық борышын атқарып келуге міндетті түрде бару керек деп ойлаймын. Енді құдайға шүкір қазір баяғы заман жоққой,ССР уақыты емес,қазір енді шетелге жан-жаққа бармаймыз,өзіміздің Қазақстан еліме барамыз.Сондықтан қиналатын ештеңе жоқ.Ешқандай уайымсыз ойлаймын бару керек деп.Қазіргі жастар біздің артымыздан ерген қазіргі осы балалардың несі өзіміздің Қазақ елімізді,отанымызды қорғап келу.  

 

 

Жалпы, ер-азаматтың Отан алдындағы борышын өтеуі абыройлы іс. Бұл жолы 20 сарбаз Қонаев қаласының 35-десанттық шабылдау әскери бөлімінде әскери қызметін өтейтін болады.Оларды қатарында Сәтбаевтық Рахымберлі Нұрасыл да бар.

 

Нұрасыл РАХЫМБЕРЛІ әскерге шақырылушы

Мен Сәтбаев қаласының азаматы Рахымберлі Нұрасыл. ҚР Қарулы күштері қатарына өз әскери борышымды атқаруға бара жатырмын.Бүгінгі күн мен үшін тарихи сәт.Өйткені бала кезімнен әскери киіп,отанымды қорғау арманым арманым. Әскери борышымды адалдықпен,тәртіптілікпен атқаруға сенемін. Өзімнің болашақ жауынгер достарыма сәттілік пен ақ жол тілеймін. Егемен еліміздің көк байрағы биіктерден көріне беруіне тілектеспін.

 

Айта кету керек, қазіргі таңда ҚР ұлттық қаупісіздік комитетінің   шекара қызметіне 40 бала жөнелтілген. Бұл – елдің қорғаны мен тыныштығын қамтамасыз ететін,ертеңгі күннің батырлары болуға ұмтылған жастардың батыл қадамы.


АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще