ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ЖЕКЕ ЗАТТАРЫ МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ
Ulytautv 18-апр, 14:36 0 ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Серік ДҮЙСЕМБЕКОВ соғыс ардагерінің ұлы
-
Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсембек Бектепбергенов 1917 жылы дүниеге келген. 1939 жылы Рудник елді мекенінен әскер қатарына шақырылып, сол жерден соғысқа аттанып, 1946 жылы аман-есен елге оралады. Соғыстан кейін «Сарысу» ауылында қызмет атқарады. 1946 жылы отбасын құрады. 5ұл 6 қыз тәрибелейді. 1992 жылы дүниеден озады. Ауылдағы мал шаруашылыған дамытуға қосқан үлесі бір төбе еді дейді келіні.
Бақыт ДҮЙСЕМБЕКОВА соғыс ардагерінің келіні
Соғыс ардагері «Қызыл жұлдызды кавалер», «2-ші дәрежелі ерлік даңқ» орденімен және «еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Бүгінде туған жері Талап ауылында соғыс ардагерінің атымен аталған көше бар. Және ауылдағы №6 мектепте соғыс ардагерінің құрметіне музей ашылған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ