Тілсіз жауға тосқауыл
Ulytautv 06-май, 17:21 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Өрттің қауіпті кезеңі басталғалы Жезқазған қаласында 10 өрт оқиғасы тіркелген, оның бесеуі саяжайларда орын алған.Төтеншеліктер әдеттегідей өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қадағалау және белгіленген жоспарға сай түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында рейдке шықты.
Бұл жолы төтеншеліктер саяжайларға басымдық берді.Тұрғындармен кездесті. ҚР өрт қаупісіздігі қайдағаларын түсіндірді. Өрт бола қалған жағдайдағы қажетті құрал жабдықтардың дұрыстығын тексерді.
Мамандар жұртшылыққа демалыс орындарында от тұтандырмауға кеңес береді. Тәртіп бұзған азаматтарға айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын да ескертті. Айта кету керек, осы кезеңде төтеншеліктер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ