Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзекті мәселелері талқыланды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Семинар-кеңеске сот жүйесі мен прокуратура өкілдері және полиция басқармасының жеке құрамы қатысты. Мұнда қылмыстық істерді тергеу мен сот процесінде орын алатын өзекті проблемаларды бірлесе шешу жолдары кеңінен талқыланды. Оның ішінде, тергеу әрекеттерін процестік талаптарды сақтай отырып жүргізу, сараптаманы тағайындау тәртібін бұзбау, кінәлі тұлғалардың іс-әрекетін саралау кезінде заңды дұрыс қолдану сынды бірқатар мәселелер ортаға салынды.


 

Қуандык РАХМЕТОВ, Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары

 

Бүгінгі семинар-кеңеске күн сайын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының белгілі бір мәселелерімен бетпе-бет келетін сот жүйесінің өкілдері арнайы шақырылды. Біздің басқосуымыздың негізгі мақсаты: жеке тұлғалардың жұмысын сынау емес, керісінше тергеу кезіндегі және соттағы түйткілді мәселелерді ортақ алаңда ашық талқылау

 

Жыл басынан бері облыстық және оған қарасты соттарда 102 азаматқа қатысты 84 іс қаралған. 1 тұлға ақталып, 1 іс прокуратураға қосымша тергеуге жолданған.


 

Жаннат ЕГЕМБЕРДИЕВА, Ұлытау облыстық сотыныңқылмыстық істер жөніндегі апелляциялық соттың судьясы

 

Қорытынды құжат негізінен айыптау актісі болып табылады! Оған сәйкес айыпталушы адам заң шеңберінде - белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы қорытынды болады.

 

Жиын қатысушылары мұндай форматтағы жүздесуді тоқсан сайын өткізіп тұруға уағдаласты. Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде: «Жаңа Қазақстан - Әділетті Қазақстанды құрудан басталады», - деді. Бұл ретте құқық қорғау органдарына артылар жауапкершіліктің жүгі ауыр.


            


Мұқағали Сейтқазы, Асхат Жақсылық

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще