«Айбын – 2025»
Ulytautv 05-май, 17:36 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ұлытау облысы әкімдігі мен облыстық қорғаныс істері департаменті бірлесе ұйымдастырған сайысқа өңірге қарасты қала-аудандардан 6 команда қатысты. 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден құрылған топтар: белтемірге тартылу, қаруды бөлшектеу, мергендік сынды 6 кезең бойынша бақ сынады.
Сайыс барысында физилкалық дайындықтан бөлек әскери дағдылар да назарға алында. Бұл сайыс – тек жарыс қана емес, рух пен бірліктің, ерік-жігер мен төзімділіктің мектебі дейді қатысушылар.
Айта кетейік, бүгінгі додада үздік нәтиже көрсеткендер маусым айында Ақтөбеде өтетін халықаралық сайыста Ұлытау облысының намысын қорғайтын болады.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы