Көркем гимнастикадан облыстық ашық чемпионат
Ulytautv 06-май, 17:11 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Чемпионатқа 2020 жылы туған балғындардан бастап, 2009 жылы туған спорт шеберлігіне кандидаттар деңгейіндегі гимнасттар бақ сынады.Қатысушылар жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарай бірнеше санат бойынша өнер көрсетті.
Жанна АБДЫМАНАПОВА бас төреші
Ұлытау облысында көркем гимнастика спортына алғашқы қадам енді ғана жасалуда. Бұған дейін спорт түрі өңірде дамымаған болатын. Алғаш рет ұйымдастырылған чемпионат – жаңа бастаманың айқын дәлелі. дода аймақта көркем гимнастиканың дамуына жол ашып, жас спортшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Дильназ САДЫКОВА жаттықтырушы (Ұлытау облысы)
Көркем гимнастика – спорттың ең әсем әрі күрделі түрлерінің бірі. Онда гимнастикалық және би жаттығулары түрлі құралдарды – шеңбер, доп сияқты заттарды қолдану арқылы орындалады.
Айым ҒАЛЫМЖАНОВА жарысқа қатысушы (Ұлытау облысы)
Жарыс соңында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Чемпионат жас гимнасттар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, олардың алдағы жарыстарға деген сенімін нығайтты. Ұлытауда көркем гимнастиканың дамуына жол ашқан бұл жарыс алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіледі деп күтілуде.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ