ІQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ
Ulytautv 01-апр, 10:17 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
IQanat қоры ауылдық жерлерден шыққан дарынды оқушыларды қолдап, олардың үздік жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік беретін ерекше жоба.Ұлытау облысы бойынша ІQanat олимпиадасының 2ші облыстық кезеңіне 66 бала қатысты.Егер олар үшінші кезеңге өтсе, Алматы қаласында өтетін ақтық кезеңде бақ сынайды.
Руслан ТӨЛЕН «Ұлытау дарыны» орталығының директоры
Бурабайда орналасқан іqanat мектебінде оқушыларға шетелдік жоғарғы оқу орындарына түсуге барлық мүмкіндік жасалған. Білім беру жүйесі Кембридж бағдарламасына негізделген. Өткен жылы дәл осы олимпиаданың барлық кезеңінен сәтті өтіп,грант жеңіп алған Жаңаарқа ауданынан шыққан дарынды оқушылардың бірі Ерасыл Есенбаев.Ол қазіргі кезде осы мектепте білім алып, шетелдік жоғарғы оқу орнына түсуге дайындалуда.
Ерасыл ЕСЕНБАЕВ, IQanat High School of Burabay мектебінің оқушысы
-
Нұртілеу АМАНБАЙ, ІQanat олимпиадасының қатысушысы
Ауқымды білім сайысы Ұлытау облысының білім басқармасының қолдауымен, сондай-ақ меценаттар мен қамқоршылардың қаржылық қолдауымен ұйымдастырылған. Жобаның бастамашысы BI Group құрылыс холдингінің төрағасы Айдын Рахымбаев. IQanat қоры жыл сайын кеңейіп,оған жаңа қамқоршылар қосылуда. Соңғы жылдары Iqanat түлектері 41 халықаралық университеттен шақырту алып,олардың кейбірі толық немесе ішінара қаржыландыруға ие болды.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ
«ULYTAU» ТЕЛЕАРНАСЫ