Жол мәселесі – басты назарда
Ulytautv 05-май, 17:59 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жолдың жәйі – Жезқазғанда күн тәртібіндегі мәселе. Биыл қалада 14 көшенің жолы жөнделмек. Мердігерлері анықталған жобалар бойынша жұмыстар 1 ші мамырда басталған. Аталған жұмыстарға қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген...
Аралау барысында өңір басшысы «Алмас Құрылыс Қазақстан» және «Армстрой» ЖШС мердігерлік ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жұмыстарды сапалы орындауды табыстады. Қазір Жеңіс, Есенберлин көшелері мен Алаша хан даңғылында орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аймақ басшысы қарқынды арттыру мақсатында түнгі ауысымда да жұмыс істелу керектігін айтты. Жол белгілерін орнату мен жөндеу кезінде қауіпсіздік шараларын да қатаң қадағалуда ұстауды міндеттеді.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы,
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы