ТЕМІР ТҰЛПАР ТІЗГІНІНДЕ
Ulytautv 03-апр, 13:06 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің автокөлік цехының көлік жүргізушісі Ардақ Тұрғанбековтің жұмыс күні осылай басталады. Бұл жолы, Өскемен қаласына іс-сапармен аттанбақ.Жұмысшы маман бала кезінен көлік жүргізуге әуес болғанын айтады. Содан болар, 35 жыл бойы бір жерде тапжылмай еңбек етіп, аур жүк көлігін сенімді тізгіндеп, кәсібінің нағыз шеберіне айналған.
Ардақ ТҰРҒАНБЕКОВ «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің автокөлік цехының көлік жүргізушісі
Әскерде де шопыр болдым. Келгеннен кейін Атасуға жұмысқа тұрып, содан бері жұмыс істеп келемін. Бұл мамандықтық жақсы жаман жерлері де бар. Кейде ауа-райы қолайсыз болады. Есесіне ел көремін, жер көремін. Менің бармаған жерім жоқ. Бүкіл Ресейді аралаймын. Шахтаға тауар тасымалдаймын.
Ардақ Тұрғанбеков тек темір тұлпарды игере білу жеткілісіз, ең алдымен жол қауіпсіздігі мен техника талаптарын да қатаң сақтау маңызды екненін айтады. Себебі, жүк көлігінің салмағы мен габариті жеңіл көліктерге қарағанда әлдеқайда үлкен болғандықтан, оны басақрау барысында аса сақ болған жөн.
Ардақ ТҰРҒАНБЕКОВ «Өркен» ЖШС «Өркен-Атасу» өкілдігінің автокөлік цехының көлік жүргізушісі
Еңбектен қорықпау керек, мысалы 90-шы жылдары ақша да боғлан жоқ.Сол кездер де жұмысымнан кетіп қалған жоқпын, ауыртпашылығын көтеру керек.Суық та болады, ыстық та болады. Төзім керек. Биылғы жұмысшы мамандықтар жылында жұмысшы мамандарды құттықтаймын. Жастарды жұмысқа шақырамын. Оңай емес екенін білемін.Бірақ халық үшін жұмыс істеу қажет.
Ұжымында қадірлі, отбасында аяулы әке, жары-ұстаз, ал ұлдары мен қызы өз салаларында білікті маман.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ