Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай
Ulytautv 03-апр, 12:44 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Қалкен Мәкенбаев – 1924 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген! Жалынды жастық шағы екінші дүниежүзілік соғысқа тұспа-тұс келген Қалкен өзінің ерлік пен өрлікке толы өмір жолы арқасында мұқым Алашқа ортақ ұл атана білді. Облыстық кітапханада өткен тағылымды шара Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бас маманының алғысөзімен басталды.
Шара қатысушылары Қалкен Мәкенбаевтың еселі еңбектеріне егжей тегжейлі тоқталып өтті. Оның – Жезқазған-Ұлытау даласының өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан үлесі ерекше!
Еске алу кешіне Қалкен Мәкенбаевтың ұрпақтары да арнайы қатысып, шара ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ұлықты істер әрі қарай да жалғасын таппақ...
Мұқағали Сейтқазы, Құрмет Қожахметов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы