«"ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА" қоры балаларды қолдау орталығына көмек көрсетті

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қор білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, спорт және мәдениет бағыттарында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Әсіресе, спортпен шұғылдан үшін қолайлы жағдай жасауға назар аударып жатыр. Осы мақсатта Мәруа Кұлұшева атындағы балаларды қолдау орталығының аумағында заманауи спорт алаңдары орнатылды. Тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз ойын алаңы, ал  жасөсіпірмдер үшін футбол, баскетбол және волейбол ойнауға арналған алаңдар жабдықталған. Сонымен қатар, стрит-воркаутқа арналған арнайы аймақ та ашылды.


 

Ләззат ШЫҢҒЫСБАЕВА «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы

 

Енді осы бүгінгі көріп жатқандай алаңдар балалардың кішкене дене шынықтыру мәселесі иә көмектесу дегендей,дамыту.Бұл жобамыз бізде жалпы 11 осындай мекеме.Бізде тоғызы Қарағанды қаласында арнайы мектептер,ерекше балаларға арналған және де мына Балхашта және осы Ұлытау облысында біреуі.Осындай мекемелерді көмектесіп,аралап жүргенде осы басшыларынан ұсыныс болған болатын.Балаларымыз далаға шыққандай ойнайтын,спортпен шұғылданатын алаңдар жоқ.Мына ашық ауада кішкене денені шынықтырып алса дегендей,ол денсаулыққа да жақсы деп ұсыныстар болған соң біз енді өзіміздің серіктестеріміз бар Батыр боламын деген қоры.Жалпы бұл жерде кәдімгідей проектісі жазылған,кәдімгідей экспертиза өткен.

 

Қазіргі уақытта орталықта 69 бала тәрбиеленуде. Енді қордың қолдауының арқасында балалар денсаулықтарын нығайтып, қауіпсіз әрі қолайлы ортада уақыттарын тиімді өткізе алады.


 

Ғазиз ЖЕТІБАЕВ Мәруа Құлұшева атындағы балаларды қолдау орталығының директоры

 

Бұл сыйлық балалардың физикалық тұрғыда дамуына,тұлға болып қалыптасуына өте керек кешен болды. Бұл кешендердің барлығы тәрбиеленіп жатқан балаларға өте ұнайды.Қазақстан халқына қоғамдық қорына балалардың атынан,ұжымның атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.  


Мәруа Кұлұшева атындағы балаларды қолдау орталығының аумағын абаттандыруға 50 миллион теңге жұмсалды. Жалпы, қор тарапынан Ұлытау облысына 2,5 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Оның аясында Сәтбаев қаласында ангар типіндегі спорт кешенінің құрылысы басталды. 


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще