ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Ulytautv 27-май, 13:29 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова қатысты. Іс-шара барысында Ұлытау облысындағы құқық қорғау органдарының өкілдері баяндама жасап, ішкі істер органдары қызметінің негізгі бағыттарын жан-жақты талдады. Негізгі міндеттердің қатарында есірткі қылмысының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ күнделікті қызметте “Заң және тәртіп” қағидатын енгізу мәселелері атап өтілді. Мәлік Отарбаев “Заң және тәртіп” қағидаты жай ұран емес, керісінше сенім мен әділдікке негізделген қуатты мемлекетті қалыптастырудың берік іргетасы екенін баса айтты.
Мәлік ОТАРБАЕВ ҚР Президентінің кеңесшісі
Іс-шара барысында полиция департаменті басқа да арнайы қызметтермен бірлесе өңірдегі қылмыс деңгейінің төмендегенін мәлімдеді. Атап айтқанда, ауыр және аса ауыр қылмыстармен қатар, ұрлық, тонау және алаяқтық фактілері азайған.
Меруерт РАХЫМЖАНОВА Ұлытау облысы ПД КПБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі
Кездесу соңында Мәлік Отарбаев өңірдің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне адал еңбектері үшін алғыс айтып, «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында азаматтардың құқық қорғау жүйесіне деген сенімін күшейтудің маңыздылығына ерекше тоқталды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ