БУЛЛИНГ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН
Ulytautv 16-май, 10:46 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жастармен кездесуге облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова мен облыс прокуроры Жасұлан Еламанов қатысты. Құқыққорғаушылар жас буын өкілдеріне буллингтің түрлері мен оның салдары туралы түсінік беріп, есірткі қылмысының алдын алу шараларын талқылап, бірлесе күресуге шақырды. Бұл шара жастардың құқықтық сауатын арттырып, еліміздің заңнамасын түсіндіруге бағытталды.
Мұхтар ЕНДІБЕРГЕН Ұлытау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы бастығының орынбасары
Жиынға қатысушыларға есірткіні таратудың ықтимал жолдары туралы да айтылды. Интернет тек ақпарат көзі ғана емес, манипуляция құралына айналып отыр. Әлеуметтік желі арқылы тапсырысты қабылдап, кей жастар ағаш-бұтаның түбін тінтіп, тұрғын үйлердің қуыс-қуысын қазып жүр.Бірі есірткі жасырса, енді бірі сол синтетикалық өнімді іздеп сенделеді. Азғантай ақшаға бола басын бәйгеге тіккен балалар темір торға тоғытылып жатыр. Сол ,темір торға тоғытылған жастардың өкініштерін экранға шығарып көрсетті жастарға. «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша пікір алмасты. Ата-аналар да балаларымызды бұл кеселдерден бірге қорғауымыз қажет деді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ