ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ҚХА МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Кездесу барысында Президент кеңесшісі Мемлекет басшысы бастамашы болған ауқымды реформаларға тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында айтқан идеялары мен бастамаларын кеңінен түсіндірді. Әсіресе, қоғамдық бірлікті нығайту және Ассамблеяның ел дамуындағы рөліне баса назар аударды. Мәлік Отарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал ететін маңызды институт болып қала беретінін айтты.


 

Мәлік ОТАРБАЕВ ҚР Президентінің кеңесшісі

 

Баршаңызды ҚХАның 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.ҚХА-елімізде саяси маңызға ие құрылым.Ассамблеяның 30 жылдық мерейтойы бізге өткенімізді саралап,жетістіктерімізді бағалауға мүмкіндік береді.Ұлытау облысы этникалық құрылымы бойынша көп шоғырланған өңірлердің бірі.Этномәдени бірлестіктер өңірде өте белсенді.Өңірдің ішкі бірлік жолында сіздер атқарып отырған жұмыстар аз емес.

 

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып,түрлі мәселелерді талқылады. Мемлекеттік тілге деген қызығушылық артып,әртүрлі ұлт пен жастағы азаматтар қазақ тілін үйренуге ұмтылып жатқаны да сөз болды.


 

Гүлбану СЕЙТЖАНОВА Ұлытау облыстық қоғамдық келісім мекемесінің  директоры

 

Негізгі бүгінгі кездесуде алға қойған мақсаттарымыз біздің ҚХАның жобалары аясында,мысалы атап кететін болсақ аналар кеңесінің салауатты сана. Бұл салауатты сана жобасы мемлекет басшысының 3ші құрылтайда берген 5 кеселмен күрес жайында осы жұмысты жалғастырып келе жатырмыз.Және де ұлттық тәрбие беру жөніндегі мәдениетті ана,мәдениетті ұлт жобасы аясында және мына жастар ассамблеясының қазірде осы 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп белгіленгендіктен осы жұмысшы жастар арасында,колледждерде әсіресе мына кәсіби білім берумен қатар осы достық клубтарының құрылуы жөнінде мәселелер қаралды.

 

Мәлік Отарбаев тек өзара түсіністік,құрмет және әрбір азаматтың белсенділігі арқылы ғана мықты әрі тұрақты мемлекет құруға болатынын айтты. Кездесу соңында қатысушылар ұлтаралық келісімді сақтау және елдің қоғамдық өміріне белсенді араласу бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще