«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ulytautv 04-июн, 12:28 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Жасыл ел»– еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастырып,жастарды еңбекке баулитын бірегей жоба. Облыс бойынша 700 жас азамат жұмыспен қамтылады. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларынан-150,Қаражал қаласынан-165,Ұлытау ауданынан-90,Жаңаарқа ауданынан-70 жас бар.Барлық қатысушыға арнайы үлгідегі киім үлестірілген.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының маусымдық бағдарламасы бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылуда. 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жазғы демалыста еңбекке араласып, қосымша табыс табуға мүмкіндік алады. Бұл бастама оларды табиғатты қорғауға, туған жерге жанашырлықпен қарауға баулып, еңбекке деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Нұрдаулет БАБИЛОН «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшесі
Жасақ құрамында жұмыс істейтін жастардың айлық жалақысы шамамен 85 мыңнан 90 мың теңгеге дейін белгіленген.Ал олардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін аталмыш жоба 2005 жылдан бері табысты түрде жүзеге асып келеді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ