"Таза су қоймалары" акциясы
Ulytautv 08-май, 12:30 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Тазалау жұмысына «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері мен еріктілер дебелсене атсалысты. Олар Кенгір су қоймасының жағалауын тұрмыстық қалдықтар, балық аулау торлары мен пластик қоқыстардан тазартты. Табиғат қорғау басқармасының өкілдері су қоймаларында қоқыс мәселесі әлі де өзекті екенінайтады.
Абзал АХМЕТБЕКОВ Ұлытау облысы табиғи ресурстар басқармасы басшысының м.а.
Экологиялық сенбілікке 7 техника жұмылдырылып,бірнеше сағат ішінде ондаған қап қоқыс жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай акциялар жыл сайын өткізіледі.
Ержан ТУЛЕБЕКОВ Ұлытау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы
Сенбіліктің нәтижесінде 10 тоннадан астам қалдық шығарылды. Табиғат жанашырлары мұндай шаралар су көздерінің экологиялық ахуалын жақсартуға сеп болатынын жеткізді.
Есет ҚАРАЕВ «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі менеджері
Табиғатты қорғауға бағытталған бұл шара қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейді.Мамандар табиғатты таза ұстап,заңсыздықты көрсе,бірден полицияға немесе тиісті мекемелерге хабарлауды ескертті.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АСХАТ ЖАҚСЫЛЫҚ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ