ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытаулық құтқарушыларға 18 көлік және бірнеше өрт сөндіру құралы берілді. Олардың қатарында жол талғамайтын заманауи көліктер, үрмелі қайықтар мен таулы аймақтарда жүруге арналған квадроциклдер бар. Арнайы жасақталған техникалар республикалық және облыстық бюджет қаржысына сатып алынған.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі


Биыл төтенше жағдайлар қызметінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде бұл қызмет мемлекеттің тірегіне, қоғамның сенімді қорғанына айналды. Бұл бастама — құтқару қызметтерін жаңғыртуға және азаматтарымыздың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған Президенттің стратегиялық бағытының айқын дәлелі. Ұлытау облысы әкімдігі тарапынан ТЖД-ны қаржыландыру жыл сайын артып келеді: 2024 жылы 400 миллион теңге бөлінсе, 2025 жылы бұл сома үш есеге көбейді. Қолдау жалғасын табады.


Бүгінде Ұлытау облысы ТЖД бөлімшелерінің техникамен жабдықталу деңгейі 55%-ды құрайды. Жыл соңына дейін Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал және Жәйрем қалаларында төрт жаңа өрт сөндіру бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. Барлығы заманауи техникамен қамтылады, бұл шалғай елді мекендерде жедел әрекет ету үшін аса маңызды.

Есен БАЙЫРОВ Ұлытау облыстық ТЖД бастығы


Бұлар «Ауылдық құтқарушылар» проргаммасының арқасында алынып жатқан техникалар. Бұлар енді ауылдық жерлерге барып, сонда қызмет істейтін болады. Қазіргі біздің құтқарушыларға істеліп жатқан құрмет.


Салтанатты рәсім барысында қызметтік міндетін адал атқарған, кәсібилігімен және ерлігімен ерекшеленген қызметкерлерге ҚР ТЖМ, облыс әкімдігі мен облыстық мәслихаттың атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табыс етілді.Сонымен қатар, сала ардагерлеріне азаматтық қорғаныс саласына қосқан үлесі үшін «Құрметті ардагер» және «Ардагер» медальдары берілді.


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ



Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще