ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ulytautv 21-май, 18:11 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа болжам бойынша 4338 бала мектепке барады. Бүгінгі күні 2701 –і құжаттарын Egov.kz плаформасы арқылы тіркеген. Осы ретте ата-аналарға құлаққағыс құжаттарды қазірден бастап арнайы плаформаға енгізу қажет. Ал, балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылмақ?
Маратбек ТӨРЕБЕКОВ Ұлытау облысының білім басқармасы басшысының м.а.
1-10 сыныптардағы оқушылардың 93 пайызы, яғни 36 481 бала түрлі бағыттағы шаралармен қамтылады. Жазғы демалысқа бюджеттен және бюджеттен тыс жалпы 515 млнтеңге қарастырылған. Брифингте, сондай-ақ сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жайлы айтылды.
Орынай ЖҰБАТОВА Ұлытау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Айта кету керек, облыста сауықтыру орындарының дайындығын қабылдау үшін арнайы комиссия құрылған. Демалыс орындарының қауіпсіздік, тазалық, өрт қауіпсіздігі және санитарлық жағдайы үнемі комиссияның бақылауында болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ