АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Күн тәртібіне шығарылған алғашқы сұрақ: 2024 – 2025 жылғы оқу жылының аяқталуы және білім беру ұйымдарының инфраструктурасын дамыту.  Осы оқу жылының соңғы қоңырауы 23-і мамыр күні соғылады. 9 сыныпты 3807 , ал 11 сыныпты 1830 оқушы аяқтайды.  "Алтын белгі" аттестатына 71 оқушы, үздік аттестатқа 142 түлек үміткер.


 

Маратбек ТӨРБЕКОВ Ұлытау облысының білім басқармасы басшысының м.а.

 

Облыс әкімі мектеп бітіру кештері кезінде қауіпсіздік шараларын барынша күщшейтуді тапсырды. Бұл ретте мұғалім,ата-ана, тәртіп сақшылары бір-бірімен тығыз байланыста болу керек деді. Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында ұйымдастыру сапасының жоғары болуына ерекше мән берілетінін атап өтті.  Жиында Ұлытау обылсының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Тимур Бижанов білім беру нысандарын салу және жобалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады. Қаражал қаласында және Манадырда  80 орындық мектеп құрылсының басталғанын мәлімдеді.

 

Күн тәртібіне шығарылған екінші мәселе: шағын және орта бизнесті дамыту. 2025 жылдың бірінші тоқсанында өңірде 18 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Бұл – өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға аз. Бұған негізінен белсенді емес әрі тек тіркелген кәсіпкерлер санының азаюы себеп болды. Есепті кезеңде 500 млн теңге көлемінде инвестиция тартылды, ал жоспарланған көрсеткіш — 700 млн теңге.


 

Данияр АРЫНҒАЗИН Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

 

Облыс басшысы өңірдегі кәсіпкерлік белсенділіктің оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, қала және аудан әкімдеріне кәсіпкерлерге инвестициялық есептілік бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще