ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯ ЖИЫНЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Күн тәртібіне шығарлған алғашқы мәселе: адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы және атқарылған жұмыстары туралы болды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек жыл басынан бері өңірімізде 9 адам із-түссіз жоғалған. Оның 3-еуі шаруа қожалықтарынан табылған.


 

Ербол ҚАЙРБЕКОВ Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары   

 

ҚР үкіметі 2024-26 жылдарға арналған адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, болдырмау және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарының тармақтарына сәйкес облыста полиция, прокуратура және еңбек инспекторлары қызметкерлерінен тұратын мобильдітоп құрылып, аталған қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында түсіндірме профилактика жұмыстары жүргізілуде.

 

Ал, облыс аумағында 4 ай ішінде жалпы ұрлық бойынша  70  қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 400%- ға немесе 1-ден 5-ке дейін өскендігін көрсетіп отыр. Ұрлықтардың басым бөлігі Сәтбаев қаласы мен Ұлытау ауданында орын алған. Жыл басынан бері Ұлытау облысы полиция департаменті қызметкерлерімен 5 адамнан құралған 1 қылмыстық топ құрықталған.


 

Ербол ҚАЙРБЕКОВ Ұлытау облысы ПД бастығының бірінші орынбасары 

 

Жылдың басынан Ұлытау облысы бойынша 8 іс сотқа жолданған болатын. Оның 2 тобы ұсталды биыл жылдың аяғында. Сатбаев қаласы бойынша сиыр ұрлау қоралардан ол жерден 5 адамды қамауға алдық. Және Жаңаарқа ауданынан қоралардан қой ұрлау бойынша адамдар ұсталып, 1 адам сотқа жолданып, 5 фактісі бойынша сотқа жіберілді.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Қала мен аудан әкімдеріне тапсырма беремін. Осының бәрін талдап,  тиісті жергілікті полиция басқармасымен әрбір тармақ бойынша тиісті жұмыс ұйымдастыруы қажет. Егер бұл жұмыс тиісті деңгейде орындалмаса онда аудан мен қала әкімдері, тиісті аудандық округ әкімдерін жауапқа тарту қажет.

 

Сонымен қатар, Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оны іске асыру шаралары бойынша азаматтардың өмірінің, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін жоғарылату көзделді. Жиында, Полиция департаментінің ғимаратын салуға жер  учаскесі мен қаржы жағы қарастырылуын сұрады.


 

Дәурен АХМЕТОВ Ұлытау облысы ПД штаб бастығы

 

Қала мен аудан әкімдеріне тапсырма беремін. Осының бәрін талдап,  тиісті жергілікті полиция басқармасымен әрбір тармақ бойынша тиісті жұмыс ұйымдастыруы қажет. Егер бұл жұмыс тиісті деңгейде орындалмаса онда аудан мен қала әкімдері, тиісті аудандық округ әкімдерін жауапқа тарту қажет.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Енді мынау ғимараттарды салу бойынша мүмкін сіздерге енді Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, сол жақтан қаржы бөлуді пысықтау қажет шығар деп ойлаймын.  Енді біз қазір мүмкіндігінше қарастырамыз 1млрд 200мың дедіңіз ба, енді бюджеттің мүмкіншілігіне қарап көреміз.

 

Күн тәртібінен түспей тұрған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылақ мәселесі де қозғалды. Нақтырақ айтар болсақ Жезқазған қаласында 6, Сәтбаевта 10, Жаңаарқа ауданында 3 ал, Қаражалда 1 жалпы саны 20 құқық бұзушылық тіркелген.  39 абьюзер қамауға алынып, 314 агрессор әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, әкімдіктерге полиция органдарымен бірлесіп, өз еріктерімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ниет білдіргендер санын ұлғайту, азаматтарды көтермелеу жөніндегі коммисияларды құру туралы ұсыныс тасталды.


 

Дәулет МОЛДАХАНОВ Ұлытау облысы ПД ЖПБ бастығы

 

Бүгінге дейін облыс бойынша ешбір қала, аудан әкімдіктерінде мұндай комиссиялар құрылмаған. Бірде бір қоғамдық көмекші марапатталмаған.  Сондықтан қоғамдық көмекшілер өз еркімен ынта білдірсе де қолдау көрсетілмесе оларды одан әрі қоғамдық тәртіпті қорғауға қатыстыру қиынға соғады.

 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Бұл жайында қала және аудан әкімдері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялар құруды тапсырамын. Және осы мәселе бойынша бюджеттен ғана емес бюджеттен тыс та қаржыларды, демеушілерді қатыстыру қажет деп ойлаймын.

 

Сонымен, ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша  іс-шаралар тізімі, мерзімі мен жауаптылар көрсетіліп, профилактикалық шара жүргізетін субъектілердің барлығына хаттама жіберіледі.


 


АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще