СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН ҚАДАМДАР
Ulytautv 01-апр, 12:37 0 ЖАҢАЛЫҚТАР
Алдымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитовтың «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды. Онда сыбайлас жемқорлық қаупі жоғары салаларды анықтау, талдау және бақылау мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Атап өту керек, аталған салалар өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасына енгізілген.
Жаслан ХАМИТОВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Аяна МУКЕЕВА Ұлытау облыстық қоғамдық кеңес мүшесі
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жүзеге асырылып, оң нәтижесін беруде. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша тиісті есептерді ұсынады және көтерілген мәселелер жіті бақылауда болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ