БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Ulytautv 20-май, 15:04 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ұлытау облысында балалардың терезеден құлау жағдайлары жыл сайын қайталанып келеді. Оқыс оқиғалардың негізгі себебі - бүлдіршіндердің ата-анасының қарауынсыз қалуынан және ересектердің немқұрайлығы себебінен дейді төтеншеліктер.
Әлібек АБИЛОВ Ұлытау облысының ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы
Жаз маусымы басталғалы суға түсуге байланысты қауіп те артып келеді. Ұлытау облысында тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында үгіт-насихат жұмыстары күшейтілген. Алайда, мамандардың ескертуіне қарамастан, соңғы екі апта ішінде өңірдегі су айдындарында екі адам суға батып кетті.
Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы
Қайырбек РАХЫМБЕКОВ Ұлытау облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар қызметі бірнеше жобаларды қолға алып, құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеуде.Егер қауіпсіздік ережелері бұзылса азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.Айта кетейік,өткен жылы 17 жеке тұлғаға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ