11 отбасы баспаналы болды

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Бұл күні ауданда әлеуметтік осал топқа жататын 10 отбасына пәтер кілті табысталды. Абай көшесіннен орын тепкен 32 пәтерлі 3 қабатты үйді «Самға» ЖШС салған.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Ұлытау өңірінде нақты әрі жүйелі шаралар жүзеге асып жатыр. Соңғы жылдары көптеген үйлер салынып жатыр. Бұл әрбір азаматтың баспаналы болуына жол ашатын, өмір сүру сапасын жақсартатын,нақты әрі нәтижелі қадам. Осы тұрғын үйді салуға бюджеттен арнайы, облыстық, республикалық бюджеттен тиісті қаржы беру арқылы, 574 млн теңге бөлінді. Осы үй сол қаражаттың есебінен салынды. Бұл баспаналар ең алыдмен, тұрғын үйлерге мұқтаж жандарға беріледі. Қоныс тойы құтты бослын.


Игі шараға қатысқан «Самға» ЖШС басшысы Абай БАЙДІЛДӘ көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтерді демеушілік ретінде сыйға тартты.Осылайша 11 отбасы қоныс тойын тойлап, жаңа баспананың иесі атанды.  Көпбалалы ана  Айгүл Каукенова осыдан 5 жыл бұрын баспана кезегінде тұрған. Енді міне баспаналы болғанына қуанышты.


 

Айгүл КАУКЕНОВА Ұлытау ауданының тұрғыны

 

Ұлытау облысының әкіміне алғысымды айтамын. Баршағы алғысым шексіз. Қобалжып тұрмын. Қуаныштымын.

 

Айта кету керек, аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 109 азамат тұр, оның 37-і әлеуметтік осал топтағы жандар. Ауданда тағы 10 пәтер сатып алу жоспарланған.


 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще