«Жас Ұлан – 2025» әскери-патриоттық сайысы
Ulytautv 08-май, 12:55 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Жас Ұлан – 2025» әскери-патриоттық сайысына мектеп оқушылары мен колледж студенттерінен құралған 7 команда қатысты. Жастардың әскери дайындығы мен ұйымшылдығын сынаған сайыста төрешілік міндетін әкімдік, полиция және қорғаныс істері бөлімінің өкілдері атқарды.
Арман МАКАЖАНОВ Қаражал қаласы қорғаныс істері бөлімінің бастығы
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Онда жас сарзбаздар саптық дайындық, АК-74 автоматын шашып жинау, пневматикалық мылтықпен ату сияқты әскери жаттығуларда бақ сынасты. Оның барысын ішкі істер органдарыының ардагерлері мен еңбек ардагерлері де бақылап, жастарға қолдау білідіріп отырды.
Серік ҚАЗИЕВ Ішкі істер органдарының ардагері
Мешітбай ОМАРОВ Қаражал қаласының құрметті азаматы
Жас сарбаздар, әскери-патриоттық сайысқа тыңығылықты дайындалық дейді. Болашақта еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін жеткізді.
Кәусар ҚУАТОВА жас сарбаз
Гүлім МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ