Тәуелсіз елдің қорғаны

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Отан қорғаушылар күнінде ерліктері еленген әскери қызметкерлер, полицей,тыл, ауған ардагерлері, бұл шараға  арнайы шақырту алған. Бұл, бейбіт күннің батырлары. Иә, кез-келген елдегі прогресс қорғаныстың қуаты мен әскердің әлеуетімен өлшенетіні ақиқат.Салтанатты шара қала әкімінің құттықтауымен басталды.


 

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ Қаражал қаласының әкімі

 

Құрметті қала тұрғындары, қадірлі ардагерлер мен жас ұрпақ. Баршыңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Бұл ерлік елдікке тағзым етер ел қорғаны болған азаматтарға құрмет білдіретін күн.

 

Іс-шара марапаттау рәсімімен жалғасты. Бір топ азамат қала әкімнің алғыс хатын иеленді.Марапат алғандардың қатарында Қаражал қаласының қорғаныс істері бөлімінде бөлім басшысының көмекшісі  болып 20 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан Бегзат Тулепбекова бар.  Иә,үйде ұл-қыз өсіріп отырған аналар түзде ел тыныштығын күзеткен қырағы қызмтекерлер. Перзенттерінің жарқын келешегінің кепілі – елдің тұтастығы, тыныштығы деп біледі. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қасиетті борыш санайды.


 

Бегзат ТУЛЕПБЕКОВА Қаражал қаласының қорғаныс істері бөлім басшысының көмекшісі  

 

Бүгін 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен барлығыңзыд құттықатймын. Заманымыз тыныш болсын. Өзім Қаражал қаласының қорғаныс істері бөлімінде 20 жылдай болып қалды істеп жатқаныма.

 

Сондай-ақ шаһар басшысы Айқын Еелесуізов жақында өткен Ұлытау облысы бойынша «Айбын-2025» әскери-патриоттық оқу жаттығу жиынында ІІІ орын алған «Арлан» әскери патриоттық командасына алғыс айтып, жасұландарға қолдау білдірді.


 

Ильяс САДВОКАСОВ жас сарбаз

 

Біз Қаражалдағы әр мектептен жиналып, 15 бала болып бардық. 3-ші орын алдық. Өте қуаныштымыз. Себебі осындай жарыстарға алғаш рет қатысып отырмыз.


 

Кеш «Өнер мектебінің» балалары дайындағын ән-бимен түріліп отырды. Тұрғындар үшін мерекелік сауда-саттық та ұйымдастырылды.  


 

Елена ГАВРИШ Қаражал қаласының тұрғыны

 

Жеңістің 80 жылдығымен және Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды құттықтаймын. Еліміз аман болсын. Биыл Жеңістің 80 жылыдығын атап өтіп жатырмыз. Ұлы Жеңіс – тарихымыздың ажырамас бөлігі және күллі әлем үшін үлкен сабақ болды.. Енді соғыс болмасын. Аға буынның өшпес ерлігі – ұрпаққа ұлағат. Сол бүгінгі ұрпақ аға буынның ерлігін жалғастырып елімізді қорғасын.Ардагерлерді ешқашан ұмытпаймыз.


 

Мереке ИМАНБЕРЛИНА Қаражал қаласының тұрғыны

 

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы дүбірлі мереке құтты бослын. Халықымыздың бірлігі қажымас қайрат арқасында келіп отырған мынау бейбіт күн аясында үлкен мереке болып жатыр. Еліміздің өз  әскері бар. 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықатймын.  Біздің мектептерде де түрлі-іс шаралар өткіздік.


 

Шахмарал НАУКЕНОВ Қаражал қаласының тұрғыны

 

7 мамыр  Отан қорғаушылар күні құтты болсын. Жастармызы аман бослын. Еліміздің қорғайтын жастар көп болсын.


 

Мереке күні  «Жасұлан»әскери-патриоттық іс-шарасы да ұйымдастырылды. Бұл - ел қорғаушыларына деген шынайы құрметтің көрінісі.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу