«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - БАСТЫ НАЗАРДА
Ulytautv 05-июн, 17:05 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Кеңес жұмысына облыс әкімі,мәслихат пен сот төрағалары,құқық қорғау органдары,үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес өкілдері,сондай-ақ студенттер қатысты.Облыс әкімі Дастан Рыспеков қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын орнықтырудың маңыздылығына тоқталды.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
2024–2025 жылдары өңірде құқықтық мәдениетті арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, цифрлық сервистерді жетілдіру бағытында бірқатар нақты жобалар жүзеге асқан.Өңір басшылығы бұл жұмыстың тиімділігін арттыру үшін құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатқан.
Қуандық РАХМЕТОВ Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары
Құқықтық ағартушылық бағытындағы жобалар қатарында мектептерде арнайы тренингтер мен дәрістер, халыққа арналған «Ашық есік» күндері ұйымдастырылды. Облыстағы құқық қорғау органдары тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, цифрлық сервистер арқылы ашықтықты қамтамасыз етіп отыр.Мәселен, 2024 жылы прокуратураның бастамасымен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы 150-ден астам профилактикалық іс-шара өткен. Бұл жұмыстардың нәтижесінде зорлық-зомбылық фактілерінің саны едәуір азайған.
Данияр БАШАНОВ Ұлытау облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы
Құқық қорғау органдарының цифрлық жобалары да оң нәтиже беруде. Қазір тұрғындар өтініштерін онлайн түрде жолдап, тез әрі тиімді жауап алуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, құқықтық статистика жүйесі арқылы өңірдегі ахуал үнемі бақылауда. Жиында, сондай-ақ облыстағы құзырлы органдардың атқарған жұмыстары мен жастар өкілінің баяндамасы тыңдалды.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ