ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЕССИЯСЫ
Ulytautv 29-май, 16:17 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Ассамблея отыз жыл бойы елдегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарып келеді. Ассамблеяның XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы алдағы кезеңге арналған жаңа міндеттерді айқындап берді. Осы міндеттерді талқылау және іске асыру мақсатында облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық кеңесінің үшінші сессиясына жиналды. Күн тәртібінде қоғамдық институттардың рөлі, этносаралық және азаматтық келісімді қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясындағы өзекті міндеттер қаралды.
Сағындық ҚОЖАМСЕЙІТОВ Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Отырыс барысында өңірді дамытуға қатысты ұсыныстар айтылды. Қатысушылар саябақтар мен гүлзарларды абаттандыру, көгалдандыру, қала көшелерінің санитарлық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау, әсіресе облыстағы құстар санын сақтау мәселесін көтерді. Сондай-ақ этносаралық диалогты дамыту, мәдени мұраны сақтау және жастарды тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.
Раушан ҚАПАРОВА Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы
Облыс әкімі Дастан Рыспеков сессия барысында айтылған барлық ұсыныстарды назарға алуды жауапты басқарма басшыларына тапсырды. Қала мен аудандандардың әкімдеріне, сондай-ақ облыстық қоғамдық даму басқармасына этносаралық келісім мен этномедиация бағытындағы жұмысты күшейту міндеттелді.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Біздің облыста 50-ден астам ұлт өкілдері тұрады. 9 этномәдени бірлестік пен 3 бастамашыл топ белсенді жұмыс атқаруда. Жиын соңында облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ