«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алды бұл күні. Құқықтық көмектің сапасын арттыру үшін аймақтың үздік заңгерлері мен адвокаттары жұмылдырылып отыр. 


 

Мәулен ҚАЙРУЛЛАЕВ Ұлытау облысы әділет департаменті басшысының орынбасары

 

Бізде облыс орталығында қалаларда және аудан орталықтарында 5 елдімекенде өтіп жатыр. Аймағымыздың үздік заңгерлері халыққа кеңес береді. Сондай-ақ прокуратура, полицияның заңгерлері де келіп отыр.

 

Жаслан ХАМИТОВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

 

Акция аясында заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне баса назар аударылады. Бұл бастама мемлекеттік органдарға деген сенімді арттыруға және заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға ықпал етеді.

 

«Халық заңгері» акциясы басталған сәттен-ақ өзінің қажеттілігін дәлелдеді.2016 мен 2024 жылдар аралығында акцияға шешім қабылдай алатын деңгейдегі білікті сарапшылар мен түрлі мемлекеттік органдардың 10 мыңнан астам өкілі қатысқан. Осы уақыт ішінде 300 мыңнан аса азамат тегін құқықтық көмек алып, кеңеске жүгінген.


 

Камаладдин АКБЕРГЕНОВ Жезқазған қаласының тұрғыны

 

Бүгін ЦОН-ға келіп едім. Акция өтіп жатыр екен.  Кеше 2 күн бойы шеше алмай жүрген сұрағымыз бүгін шешілді. Толық түсіндіріп берді.

 

Акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен өткізіліп, елдің барлық өңірін қамтиды. Негізгі мақсаты – әрбір азаматқа қолжетімді құқықтық көмек көрсету және қоғамда құқықтық мәдениетті нығайту. Айта кетейік, бұл шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асырылып келеді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ



Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще