«АНТИПАРАКВЕСТ» ОЙЫНЫ
Ulytautv 19-май, 12:53 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Сыбайлас жемқорыққа қарсы квест-квиз-челлендж табиғат аясында өтті. Балалар үшін бар жағдай жасалды. Ерекше форматтағы челленджге Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы арнайы қатысты.
Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі
Ерлан ДЖОЛДЫБАЕВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы
Челлендж 4 кезеңді қамтыды. I кезеңде тест сұрақтарына жауап берсе, II кезеңде ситуациялық кейстерді шешті.III- кезеңде капитандардың білгірлігі сыналды. Ал, соңғы кезеңде арнайы әзірлеген бейне-роликтерін көптің назарына ұсынды. Әр кезеңде жастар адалдық, ашықтық, құқықтық сауаттылық пен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғайтын сұрақтарға жауап берді.
3 сағатқа созылған квест-квиз-челлендж тартысты өткені сонашлық, әділқазылар жеңімпаздарды анықтауда біраз ойланып қалғандарын жасырамады. Дегенмен әділ шешім қабылданып, үздіктер таңдалды.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы, әділқазылар алқасының мүшесі
Иә, жемқорлыққа қарсы қолға алынған шаралардың барлығы бірдей жемісті бола бермейді. Дегенмен, кейбір бастамалар қоғам санасына сілкініс әкеліп,жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың жолын кесуге ықпал етуде. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жастайынан қалыптастыру аса маңызды.
Жаслан ХАМИТОВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Сонымен ,жарыс мәреге жетті. 3 орын -Қаражал қаласының №6 жалпы білім беретін мектебінің «Адалдық патрулі» командасына бұйырды. Ал, 2 орын Қаражал қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің «Голос прозрачности» командасында. Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейінің «Адал live» командасы 1 орын иеленді. Барлық қатысушы және жеңімпаз командаларға ұйымдастырушы тарапынан диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Ойын соңында қатысушылар адалдық челленджін еліміздің өзге қалалары мен облыстарына жолдады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ