СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОБИЛЬДІ ТОП ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Акция аясында мемлекеттік мекемелердің өкілдері тұрғындарды қабылдады. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға қала тұрғындары көкейінде жүрген сұрақтарына жауап іздеп, заңнама нормаларына сәйкес кеңес алды. Барлық көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар да айтылды.


 

Жаслан ХАМИТОВ  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

 

Акцияның мақсаты- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындар тарапынан келіп жатқан мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат осында отырған мемлекеттік орган өкілдеріне сұрақтарын қойып, жауабын ала алады. 

 

Бұл күні, халық азық-түлік алып қана қоймай, жергілікті билікке талап-тілектерін де жеткізді. Кәріз жүйесі, жол, үй мәселесі бойынша сұрақтарын қойып, жауап алды. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетеді.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще