«ӨРТ 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ ШТАБТЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУЫ
Ulytautv 26-май, 17:23 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
«Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы сағат 10:00-де басталды.Бір топ адам табиғат аясына демалысқа шығады. Сәйкесінше, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамай сөндірілмеген отты қалдырып кетеді. Бұл жағдай өрттің туындауына себеп болып, жалын орман алқабына тарайды. Ауылға да қауіп төніп тұр. Басқа топ, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшерді. Оқиға орнына жедел түрде төтеншеліктер жетеді. Арнайы штаб құрылады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бірнеше күйік және иіс тию белгілері бар екі зардап шеккен адамды табады,алғашқы медициналық көмек көрсетіледі. Өрт сөндіріледі. Бұл, әрине тек оқу жаттығу.
Оқу-жаттығуға Ұлытау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ орман шаруашылығы мекемелері қатысты. Жалпы саны 90 қызметкер мен 26 техника бірлігі жұмылдырылды.
Чингиз САМИЕВ Ұлытау облысы ТЖД бастығының орынбасары
Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары өрт қаупі кезеңіндегі төтенше жағдайлардың салдарын жоюға жалпы дайын екендігі анықталды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ