ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ОҚУ ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫН ӨТКІЗДІ
Ulytautv 19-май, 12:40 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Оқу-жаттығу жоспары бойынша Жезқазған теміржол станциясында хлор тиелген вагон зақымданды. Соның салдарынан ауаға улы зат таралып, желдің бағытымен уланған бұлт қаланың бетіне қарай жылжыды. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, төтенше жағдайды жою бойынша штаб құрылды.
Еркін ЖАНАБАЕВ Ұлытау облысы ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы
Құтқарушылардың бір тобы «ағып кеткен» улы затты жоюмен айналысса, екінші топ теміржол маңындағы аумақта «жапа шеккендерді» іздестірумен айналысты. Апат болған жерге жақын маңнан «ес-түссіз» күйде жатқан адам табылып, оған жедел көмек көрсетіліп, қауіпсіз жерге жеткізілді. Жаттығу барысында теміржол вокзалынан адамдар №10 жалпы білім беретін мектептің базасындағы арнайы пунктке эвакуацияланды.
Облыс орталығында өткен оқу-жаттығуға 70 -ке жуық адам қатысып, 10 техника жұмылдырылды. Жедел штаб пен жеке құрамның үйлесімді жұмысының нәтижесінде төтенше жағдай сәтті аяқталды.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ