«ЖАС САҚШЫ» ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Ulytautv 15-май, 12:45 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ҰЛЫТАУ АУДАНЫ
Ұлытау облыстық полиция департаменті мен аудандық білім бөлімінің бірлесе қолға алуымен ашылған полиция сыныбына 2010 жылы қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция подполковнигі Бағдат Айтеновтың есімі берілді.Сыныптың салтанатты ашылуына аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, Ұлытау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайыркен Әлиев және Бағдат Айтеновтың туыстары қатысты.
Қайыркен ӘЛИЕВ Ұлытау облысы ПД бастығы
Сынып іші ерекше безендірілген. Мұнда оқушылар арнайы киіммен сапқа тұрып,түрлі дайындықтар жүргізеді.Басты мақсат-тек тәртіпке үйрету емес,жауапкершілік пен батылдықты бойға сіңіру.
Аясын АРЫСТАНБЕКОВ Ұлытау ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары
Кадет сыныбына 6 сынып оқитын 16 бала қабылданды. Жас сарбаздар - өз міндеттерін адал атқаруға ант қабылдап, алғыс хаттарымен марапатталды. Солардың қатарында болашақта тәртіп сақшысы болғысы келетін Елжас Боранбай да бар.
Елжас БОРАНБАЙ жас сақшы
Ұлытауда ашылған жас сақшы сыныбы облыстағы төртінші полиция сыныбы. Болашақта бұл жоба жалғасын тауып,өңірде осындай сыныптар саны арта түспек.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ