Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Мәңгілік алау. Мемориал алдында сап түзеген сарбаздар. 1418 күнге созылған қантөгісте Ұлытау өңірінен жүздеген жауынгер майданға аттанып, соның тең жартысы оралмаған. Жеңіс үшін жан қиған ерлерге бүгінгі ұрпақ бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Ескерткішке гүл қойылып, Құран бағышталды.


Соғыс жылдары бала болып жүріп, үлкендердің ауыр еңбегін иығымен көтерген жандардың бірі – тыл ардагері Балымша Жарасбаева. Жасы небәрі 7-8-де ғана болса да, егіннің арам шөбін жұлып, суарып, өнімін жинауға көмектескен. Түнімен диірмен тартып, таңертең анасы пісіретін бір нанға бола күн ұзақ аш жүрген күндерін әсте естен шығарған емес.


 

Балымша ЖАРАСБАЕВА тыл ардагері


 

Соғыс жылдары 44 жылы менің үйімнің үлкені,семьяның үлкені Нұрғали Жарасбаев ағамды 44 жылы әскерге алып кетті.Содан отбасымызда қиындау уақыт болды.Ол уақытта қиыншылық барлығы отбасында болдығой. Қазіргі жастар бақытты барлығы бар.Біз сол уақытта нанға тойып жесек қанағат қылатынбыз.Енді еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Алла іргеміз мықты болсын.

 

Жеңіс – қуанышпен қатар көз жастың, сағыныш пен сарғайған хаттардың,  майданда қаза болған болған мыңдаған тағдырдың естелігі. Бұл күн – соғыстың салмағын арқалаған барша буынға тағзым күні. Жылдар жылжып жатса да, майдангерлерге деген құрмет кемімек емес.


 

АМАНЖОЛ МЫРЗАБЕКОВ, Ұлытау ауданының әкімі

 

Мерекелік шаралар дала асханасымен, жауынгерлік әндер шырқалған көрмелік экспозициялармен жалғасты. Киіз үй ішіндегі тарихи бұрышта соғыс жылдарынан қалған хаттар мен суреттер қойылды. Шаралар легі аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.


Асыл САБАҒАНОВА , Ұлытау ауданының тұрғыны

 

9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығымыз құтты болсын.Бүгінгі мерекелік шара жақсы өтіп жатыр.Өте жақсы көңіл күйдеміз.Мына қарттарымыз аман болып,осылай ымыра бірлікте жылда 9 мамыр тойлап жүре берейік.


Жеңіс күні – тарихқа тағзым, ерлікке мәңгілік құрмет. Батырлар рухына тағзым еті – бүгінгі буынның азаматтық борышы.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ



Пікірлер (0)

пікір қосу

ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫ

показать еще