Халықпен кездесу
Ulytautv 02-май, 19:26 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тыңдайтын Мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде билік өкілдері бұқарамен тоқсан сайын жүздесіп тұрады. Осы мақсатта ұйымдастырылған кездесуде бұл жолы әкім ұзын сонар баяндамасын оқымады. Жұртшылықтың сұрауымен бірден еркін форматта сұрақ-жауап кезеңі басталды. Халықты толғандырған сауалдардың дені қаладағы жолдардың жәйі болды...
Жезқазған қаласының 2025 жылға арналған бюджеті 43 млрд. 444,8 млн. Теңгені құрайды. Өткен жылмен салыстарғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 34 %, құрылыс жұмыстары 46 %, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 26, % ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 13,% артқан. Қар ерігелі қалада «Таза Қазақстан» республикалық акциясы қарқынды қолға алынған. Бұл ретте шаһар басшысы тұрғындарды тазалық мәдениетіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Биылдың өзінде қалада бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге аспақ. Кеңгір елді-мекені жыл соңынан дейін газға қосылмақ. Алайда, қала әкімі кей күрделі мәселелердің шешілуіне уақыттың қажет екендігін алға тартты.
Жүздесуден кейін қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Көтерілген сұрақтар мен айтылған ұсыныстар шаһар басшылығының тікелей қадағалауында болмақ...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«Ұлытау» телеарнасы